"7 әйел қатыстық". Ләйлә Сұлтанқызы ерекше тұсау кесу рәсімін көрсетті

"7 әйел қатыстық". Ләйлә Сұлтанқызы ерекше тұсау кесу рәсімін көрсетті
Фото: Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше тұсау кесу рәсімін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, продюсер Жан Мұқанов кенже қызының тұсаукесерін ұйымдастырған. Бір қызығы бұл рәсімге 7 әйел қатысқан. Оның өз мәні де болған.

"Жан Мұқанов - 7 баланың әкесі, белгілі продюсер, менің досым. Былтыр көкек айында кенже қыздарының тұсаукесерін жасады. Ол рәсімге 7 келіншек қатысты (қ). Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. Сондағы ниет - әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін (даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын…) Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой. Бүгін сол кешті есімізге түсіріп, естелік ретінде жазып алды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Желі қолданушылары бұл көрініске әртүрлі пікір жазды. Бірі қолдаса, бірі салт-дәстүрді өзгертуге болмайтынын жеткізген.

Видеодан алынған кадр

"Өте дұрыс болған", "Керемет", "Қызылорда нағыз қазақылықтың сақталған жері", Күшті, керемет ұйымдастырған, әдемі көрініс екен", "Иә, тұсау кесу ұмыт болып кеткен шығар бұрын. Осы берірек жылдарда ғой қайтадан тұсау кесіп жатқаны. Мысалы, біздің үйде алты-жеті бала болса, ешқайсысының тұсауы кесілмеген. Ал жүргенде алдына жан салмайды", "Дәстүрдің ережесін өзгертуге болмайды, ол сондықтан да салт-дәстүр", - деп жазды әлеуметтік желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова