21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиіп, жігіт ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиіп, жігіт ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Фото: Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында 21 жастағы жігітке оқ тиіп, жәбірленуші санавияциямен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 қаңтарда кешкі сағат 9 шамасында болған. Жәбірленуші Қарақия аудандық ауруханасына жеткізіліп, артынша Маңғыстау облыстық ауруханаға санавияциямен жеткізілген. 

Аурухана өкілдерінің мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Ал Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске қатысты күдік ұсталған. 

"Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деді аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина