- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда мереке күні...
Атырауда мереке күні болған қайғылы оқиға: тағы бір адам қайтыс болды
Атырауда мереке күні тұрғын үйден шыққан өрттен тағы бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
2 қаңтарда сағат 11.10-да Call орталыққа үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасы жарылғаны, салдарынан 9 шаршы метр көлемінде қабырға қирағаны анықталды. Лаулаған жалын сағат 12:22-де толық өшірілді.
Кеше, 3 қаңтарда зардап шеккен 60 жастағы ер адам қайтыс болды.
Бүгін, 4 қаңтарда Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 1970 жылы туған әйел қайтыс болғанын хабарлады.
Еске салайық, 3 қаңтарда Атырауда мереке күні қайғылы оқиға болып, 1 адам қаза тапқаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина