Қазақстанда Жаңа жылда қанша қылмыс жасалды?

Қазақстанда Жаңа жылда қанша қылмыс жасалды?
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде мереке күндері қанша қылмыс жасалғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы үш күндік жұмысты қорытындылады. Ведомствода атап өткендей, "102" арнасына 29 мыңға жуық қоңырау түскен. Негізінен азаматтар тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдіктер ішу бойынша, сондай-ақ бұзақылық пен мас күйінде көлік жүргізу деректері туралы да мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері республика бойынша 715 қылмыс жасалды, оның 485-і "ізін суытпай" ашылды. Мысалы, полицейлер 68 ұрлықты, 5 тонау қылмысы мен 29 бұзақылықтың бетін ашты.

Тәртіп сақшылары мереке күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді. Мақсаты - қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ "нөлдік төзімділік" қағидатын іске асыру.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек