- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді көлік апатына...
Енді көлік апатына ұшырағандар полиция шақырмай-ақ өтемақыны онлайн ала алады
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің тұрғындары кішігірім көлік апатына ұшыраса, полиция шақырмай-ақ, онлайн сақтандыруды тез рәсімдей алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сілтеме жасап.
Қазақстанда "Еурохаттама" іске қосылды. Бұл кішігірім көлік апаты болған жағдайда полицияға шақырмай әрі сотқа жүгінбей-ақ, сақтандыру полисін онлайн рәсімдей алады.
Талаптар:
- Тек 2 көлік соқтығысқан жағдайда;
- Көлік апатынан адамдар зардап шекпеген, үшінші адамның көлігіне зақым келмеуі керек;
- Шығынның көлемі 1000 АЕК (369 200 теңге, 2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге болды).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz