Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды

Оралда дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды
Фото: instagram

Орал қаласында дәмханадағы газ жарылып, жантүршігерлік өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 қаңтарда сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты "RIZYQ" дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабарлады.

Өртсөндірушілердің күшімен өрт сағат 02:40-та жойылды.

Оқиға орнында №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника бірлігі, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 адам және 2 техника. Жедел медициналық жәрдем бригадасы 18 адам, 6 бірлік техника, полиция департаментінен 28 адам, 7 бірлік техника.

Сондай-ақ, оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы, "ӨС және АҚЖҚ" ММ, облыс әкімдігі және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті өкілдері барды.
Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина