Ақтөбеде кәмелетке толмағандар пышақтасып, төбелес шығарды: екі бала мерт болды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар пышақтасып, төбелес шығарды: екі бала мерт болды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер төбелесіп, екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Сағат 00:10 шамасында "102" пультіне Ақтөбе қаласы Қызылжар ауылында орналасқан "Алмаз" дүкенінің жанында топтық төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы шықты.

Бұл дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің ҚК-тің 1, 9, 14-тармақтарымен қылмыстық іс тіркелді.

Алдын ала деректерге сәйкес, 2 қаңтарда "Instagram" желісінде кәмелетке толмағандар А және В арасында жанжал туындап, салдарынан кәмелетке толмаған В келесі күні "Алмаз" дүкенінің жанында кездесуді ұсынған.

2 қаңтарда сағат 23:00 шамасында топтық төбелес барасында кәмелетке толмағандар А және С пышақ қолдану арқылы келтірілген дене жарақаттарын алған.

Салдарынан Ақтөбе қ. ЖМЖА - да алған жарақатынан есін жимай екі кәмелетке толмағандар қайтыс болды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина