- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог ең пайдалы...
Диетолог ең пайдалы тұздықты атады
Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Маргарита Арзуманян ең пайдалы тұздықты атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.
Оның cөзінше, ең пайдалы тұздық - үйде дайындалған тұздық. Диетолог салаттарды дайындауға қажет майонездің калориясы жоғары екенін, ал дәстүрлі рецепт бойынша жасалған тұздықтың денсаулыққа зиянын тигізер қоспалары жоқ екенін айтты.
Маман үйде майонез дайындау үшін өсімдік майы, лимон шырыны, қыша, аз мөлшерде тұз және қант қажет болатынын жеткізді. Ал дүкен сөрелеріндегі тұздықта артық тұз, әртүрлі қоспалар болуы мүмкін.
Маргарита Арзуманян сатып алынған кетчуптің құрамында да артық тұз, тағамдық қоспалар мен крахмал болуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, томат тұздығын өзіңіз жасасаңыз, мүлдем басқа өнім аласыз. Осылайша маман үйдегі рецепт бойынша дайындалған кез келген тұздық дүкеннен сатып алынған нұсқадан мың есе асып түсетінін жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова