Таразда 56 жастағы ер адам жаңажылдық шыршаны өртеп жіберген

Таразда 56 жастағы ер адам жаңажылдық шыршаны өртеп жіберген
Фото: Видео кадры

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңажылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шырша "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек