Ақтауда балабақшада 2 жасар қыз ыстық суға күйіп қалған

Ақтауда балабақшада 2 жасар қыз ыстық суға күйіп қалған
Фото: Көрнекі сурет. depositphotos.com

Ақтауда балабақшада 2 жасар қыз ыстық суға күйіп қалды. Тәрбиешілер тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

2 жасар қыздың денесінің 7 пайызын күйік шалған. Баланың анасының айтуынша, бала 26 желтоқсанда балабақшада тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда жарақат алған.

"Сағат 16:00-де Bala Land балабақшасының меңгерушісі телефон соғып, балам жуынып жатқанда аздап күйіп қалғанын айтты. Сағат 18:00-де күйеуім баланы алып кетуге барды, ол баланы көргенде шошып кетті. Арқасы бөртіп кеткен, сол аяғы да күйген. Үйге сағат 19:00-де жеткен соң, жедел жәрдем шақырдық. Травматолог жараны өңдеп, үйге жіберді. Ол екінші дәрежелі термиялық күйік туралы анықтама берді. Баланың сол аяғындағы жараны байқамай қалды. Полицияға арыз жаздық, басшы да, қалғандары да жазаланады деп үміттенеміз. Балаға жедел жәрдем шақыру басты назарда болған жоқ, олар дереу ата-анаға хабарлауды шешті", - деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?inAktau.kz Новости Актау (@inaktau.kz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек