Ағзаңызға шамадан тыс жүктеме түсіп жатқанын көрсететін 3 белгі

Ағзаңызға шамадан тыс жүктеме түсіп жатқанын көрсететін 3 белгі
Фото: pixabay.com

Салауатты өмір салтын ұстану және жүйелі түрде спортпен шұғылдану денсаулықты жақсартып, адам өмірін ұзартқанымен, кейде ол да адамға қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, жаттығу кезінде техникаңыз дұрыс болмай немесе жүктеме тым көбейіп кетсе, ауыр жарақат алуыңыз ықтимал. Massaget.kz тілшісі ағзаға шамадан тыс жүктеме түсіп жатқанын көрсететін белгілерді тізіп көрді.

1. Реактивті синовит

Синовит - ағзаға шамадан тыс түскен жүктемеге қорғаныс ретінде жүретін буындардың ісінуі. Буын қуысында сұйықтық жиналып, функционалдығын жоғалтады. Егер ауыр жаттығудан кейін буыныңыздың ісіп кеткенін байқасаңыз, дереу мұз басып, ісінуді кетіріңіз. Ал ісіну 3 күнде кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.

2. Тіндердің гиперемиясы

Егер сіз шамадан тыс жүктемеден кейін денеңіздің бір аймағы екіншісіне қарағанда ыстық екенін сезсеңіз, бұл сіздің тіндеріңіздің қабынғанының белгісі. Мұндай жағдайда бірнеше күніңізді жүктемесіз өткізуге тырысыңыз. 

3. Ауырсыну

Егер ауыр көтергенде немесе жұмыс істеп жатқанда буыныңыз немесе сіңіріңіздің ауырып тұрғанын сезсеңіз, әрекетіңізді тоқтатқаныңыз абзал. Ауырсыну жүктемеден кейін басталса, дене бөлігін салқында ұстап, бақылаңыз. Ал ауырсыну таңертең басталып, бірден басылса, бұл буыныңызға жүктеменің шамадан тыс түсіп жатқанын білдіреді. 

Дегенмен бұлшықетке шамадан тыс жүктеме түскен кезде ауырсыну қалыпты реакция екенін есте ұстаған жөн. Осылай бұлшықет ісінеді, қатайып бастайды. 

Ал бұлшықет қатты ауырсынып бастап, тіпті қимылдау қиынға соғып, ұйықтауға кедергі жасаса, стретчингпен айналысып, дене бөлігіне массаж жасаңыз. 

Айта кетейік, бұған дейін жұмыста шаршамас үшін не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Балалар неге қараңғыдан қорқады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә