"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды
Фото: Facebook/Dina Tansari

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқық қорғаушыны іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды. Іздестіру жұмыстарын Өскемен полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Дина Таңсәрінің өзі Instagram-дағы парақшасында тергеушілер оны қамауға алуға санкция дайындап қойғанын хабарлады.

"Біз санкция бойынша тергеу сотына дайындалып жатырмыз. Бірақ бізді әлі күнге дейін құжаттармен таныстырған жоқ - бізге әлі 170 құжатты ұсынбады", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Дина Таңсәрі "алаяқтық жасады" деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Мұны Шығыс Қазақстан облыстық полиция деапартаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан