Әуежайда шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған радикал ұсталды

Әуежайда шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған радикал ұсталды
Фото: ҰҚК

22 желтоқсанда шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған радикал ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұсталды. Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина