Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кеткен. Бұл туралы Дос іздеу-құтқару жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылардың мәліметінше, 1965 жылы туған Наталья Шамарова мен 2012 жылы дүниеге келген Яна Салихова кеше жоғалған. Олар Тобыл қаласына бет алған. Сондай-ақ, телефондары өшірулі екені айтылды.
Еріктілер әлеуметтік желіде олар әлі де табылмағанын жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!