Айя Шалқар қоғамда ажырасу көбейгенін "жақсы тенденцияға" балады

Дизайнер және суретші Айя Шалқар қоғамда ажырасудың көбейгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Dope soz подкасында "Перілер әлемінің" құрылымы, АҚШ-та өткен көрмесі, қазақ тілінің маңызы туралы айтты.

Ол сонымен бірге қоғамда ажырасу феноменіне қатысты ойын да айтты.

"Ажырасу деген жақсы зат. Әйелдің соңғы кезеңде ие болған бостандығының белгісі. Бұрын неге ажырасу көп болған жоқ? Өйткені әйел тұрмыстан шыға алған жоқ, тым тәуелді болды. Өзінің ақшасы болған жоқ, жағдайы болған жоқ. Ол абьюзер болса, ұрса да, ішсе де, қандай жаман болса да, тым тәуелді болды. Сондықтан да ажырасу азырақ болды. Ал қазір оның көбеюін тек сананың және әйел құқығының жоғарылауымен ғана байланыстырамын. Әрине, енді ажырасу деген керемет зат емес, бұл - кризис, стресс, әсіресе, бала үшін. Идеал жағдайда ажырасу болмауы керек, бірақ оның қоғамда феномен болып жатқаны жақсы тенденция, меніңше. Теңдікке қарай жылжып жатқанды білдіретін тендеция. Қате адаммен ажырасқаныңмен, дұрыс адаммен қосыласың, нәтижесінде тату жанұялардың саны көбейеді, керісінше. Олар болашақ жұбайын тапса, әрине", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз