- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа жылда отшашу...
Жаңа жылда отшашу атқандарға қанша айыппұл салынады?
Қазақстандықтар қоғамдық жерлерде, пәтерлердің балкондары мен терезелерінен отшашу атқаны үшін жазалануы мүмкін. Көршілердің тыныштығы бұзылғаны үшін де айыппұлдар қарастырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңертеңгі 9-ға дейін және демалыс, мереке күндері таңғы сағат 23.00-ден таңертеңгі 10-ға дейін жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіріп, тыныштықты бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 437 17 250 теңге теңге мөлшерінде, коммерциялық емес ұйымдарға 69 мың теңге әкімшілік жауапкершілік көзделген. 25 желтоқсаннан бастап ІІМ және ТЖМ қызметкерлері рейдтерге шығады, олар 3 қаңтарға дейін жалғасады", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.
Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға қауіпсіздік мақсатында пиротехника сатушылардан сертификат талап етуді ескертті. Оның үстіне заңсыз сауда үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
"196-бапқа сәйкес 86 мың 250 теңге көлемінде айыппұл. Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 436-бапқа сәйкес елді мекендерде және бұл мақсатта бөлінбеген жерлерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, 69 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова