Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреу өртеніп кетті

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреу өртеніп кетті
Фото: Автордан

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреу өртеніп кетті. Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының бойында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10:45-те Самара-Шымкент автожолының, яғни Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының тұсында болған.

Тасжолдың бойында Volvo және Mercedes жүк көліктері соқтығысқан. Салдарынан Volvo автокөлігі отқа оранып, жүргізушісі, яғни Түркістан облысының тұрғыны өртеніп, алған жарақатынан қаза болған.

Әйтеке би аудандық полиция бөлімінің бастығы Ербол Сүйлейменовтың айтуынша, қазір жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері жолда сақ болуға шақырады.

Кәмшат Қопаева

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек