"Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар!" Элизат Беріковамен көзге түскен Нұржан Керменбаев оқырмандарына жауап берді

"Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар!" Элизат Беріковамен көзге түскен Нұржан Керменбаев оқырмандарына жауап берді
Фото: Видео кадры

Жақында әнші Элизат Беріковамен көзге түскен Нұржан Керменбаев әлеуметітік желідегі парақшасында оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым", - деп жазды өнер иесі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurzhan Kermenbayev (@nurzhan_kermenbayev)

Желі қолданушыларын Нұржан Керменбаевтың бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған.

"Өсек пен төсекке іліңгіңіз келмесе, интрига жасаудың қажеті жоқ, халық көргенін жазады қызыл жүрекшені жандандырып қоя бергенше, сол мағыналы әндеріңізді тура жеткізсеңіздерде халық тура қабылдап шын жүректен әсерлерін жазар еді!!Төсекті де, өсектіде жария қылатын өздеріңіз!!!Әйтпесе сіздердің төсектеріңізде халықтың шаруасы жоқ ешкім жерде жатып жүрген жоқ", "Сен сонда интрига жасама! Саған жараспайды! Біреумен ән жаздың ба, бірден айтпайсың ба ән шықты деп!" "Қанша жерден әнші болсаң да сен - аяулы жар, ардақты әке, бір әулеттің күйеу баласы, бір әулеттің бетке ұстар ер азаматысың. Бір отбасы бұзылмаса екен деп уайымдаймыз. Әнді өзіңде керемет айтасың. Бізге ондай нәрселер ерсі көрінеді", - деп жазған олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек