"Қорлық, қасақана кісі өлімі сынды күдікке толы жағдай анықталып жатыр". 17 жыл құлдықта болған қыздар туралы тың дерек айтылды

"Қорлық, қасақана кісі өлімі сынды күдікке толы жағдай анықталып жатыр". 17 жыл құлдықта болған қыздар туралы тың дерек айтылды
Фото: Руслан Өтепбайдыңдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздардың қазіргі жағдайы, қазір қандай тергеу жүргізіліп жатқаны туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


"Қыздарды құлдықтың қамытынан босатып, оларға жаңа өмір сыйлай алсақ, бақыттымыз… Ата-анадан айырылып, інілерінен көз жазған қыздар ерте жастан әркімнің босағасын паналады. Денсаулықтарында кінәрат болған соң, оларға жылы қабақ танытқан жан табылмаған… Содан болса керек, мектепті тәмамдап үлгерместен, қыздар заманнан ажырап қалғандай. Олардың жантүршігерлік оқиғасын зерттеу барысында бірнеше талай фактілер анықталды. Ал қорлық, кісіні қасақана өлтіру сынды күдікке толы жағдайларды тергеушілер анықтап жатыр. Сондықтан мұндай деректерді біздің редакциясының назарынан тыс қалды деуге болмайды. Құрметті оқырман, Құндыз бен Назгүлдің жағдайын сұрап, күн сайын сауалдар жолдайсыздар. Жұмыстың қамымен әр процестті түсіріп, жүктеу мүмкін емес. Дегенмен біздің командамыз, сарапшыларымыз аз уақыт ішінде талай шаруа атқарды. Қыздар медициналық, психологиялық, физиологиялық ем қабылдап жүр. Ал жақында әнші Айгүл Иманбаева Англиядан осындай видеосәлемдеме жолдап, апалы-сіңліні бір қуантып қойды. Қыздардың басынан өткен қиындығы елестей сағымға айналып, бақыттары баянды болғай", - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Еске салайық, бұған дейін қыздар қазір психологтың ем курсынан өтіп жатқаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова