- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент - Алматы...
Шымкент - Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы есікті ашып жіберген
FlyArystan рейсінің жолаушысы ұшақ қонғаннан кейін апат жағдайындағы есікті ашып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде FlyArystan компаниясының ұшағында түсірілген видео тарады. Кадрлардан жолаушы есікті қалай ашқанын көруге болады.
@corgi_sandy #flyarystan #kazakhstan ♬ оригинальный звук - corgi_sandy
Азаматтық авиация комитеті 23 желтоқсанда FlyArystan әуекомпаниясының КС7106 рейсі Шымкент - Алматы бағыты бойынша жергілікті уақытпен сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апат жағдайындағы есікті ашқанын хабарлады. Әуе кемесі тексеріліген. Ал жолаушы Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне табысталды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жолаушыға, жауапты әуежай қызметтеріне қатысты тиісті тергеу жүргізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова