- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы автобус бір...
Алматы автобус бір топ адамды қағып кетті: оқиғаның видеосы тарады
Бүгін Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды. Оқиға салдарынан 7 адам зардап шеккен. Жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.
Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
"Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293 бабы (бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351 бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы