- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бес адамды ұшырып...
"Бес адамды ұшырып кетті". Куәгерлер Алматыдағы автобус апаты туралы айтты
Бүгін Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды. Оқиға салдарынан 7 адам зардап шеккен. Оқиға орнына барған Massaget.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын білу үшін куәгерлермен сөйлесті.
Жол-көлік оқиғасына куәгер болған Mitsubishi көлігінің иесі Ескендірдің айтуынша, жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері 15 минутта келген.
"№47 автобус қатты жылдамдықпен, шамамен 100-бен, келе жатты. Алдымен Mazda көлігін соқты. Оны шетке ысырып жіберген соң, тұрақта тұрған, ішінде адам жоқ автобусты соқты. Соны аялдамаға дейін сүйреп әкетті. Аялдамада тұрған адамдар қаша алмай, бес адамды ұшырып кетті. Автобус ішінде ер адам әйелді ұрды делінді. Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері 10-15 минутта жетті", - деді ол.
Оқиғаға куәгерлердің бірі адамдардың қашып үлгергенін айтты.
"Адамдар қашып үлгерді деді ғой. Мен ар жақтан көрдім, жолдың астынан өтіп болғанша жол апаты болған. Жол тайғақ болды ғой, тормозы шығып кетті ме, әйтпесе олар адам қақпайды ғой. Рөлге ие болмай қалған шығар. Адамдар айқайлап қашып үлгерді, сөйтсем адамдар қаза болыпты. Мен күнде мына жақтан мінемін. Адам көп тұрады. Бұдан бөлек, мына жерден адамда Шамалған, Ұзынағаш деген жақтарға қарай такси ұстады. Олар жол жаққа шығып алады, өйткені көлік тоқтамайды ғой", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы