24 желтоқсаннан бастап елдің басым бөлігінде жауын шашын болады

24 желтоқсаннан бастап елдің басым бөлігінде жауын шашын болады
Фото: Tengrinews.kz

24 желтоқсаннан бастап елдің басым бөлігінде жауын шашын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді.

Алдымен ол республиканың батыс аймақтарына, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі.

Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина