Тіліңіздің астына лимон тілімін салыңыз. Түнгі жүріс кезінде жүргізушілер білуге тиіс 11 кеңес

Тіліңіздің астына лимон тілімін салыңыз. Түнгі жүріс кезінде жүргізушілер білуге тиіс 11 кеңес
Фото: pixabay

Елімізде елдімекендердің арасы алшақ болғандықтан жүргізушілерге түнде жүруге тура келетін сәттер көп. Түнгі жол адамды өте қатты шаршатып, тізгіншінің реакциясы нашарлайды. Сол себепті күндізгіге қарағанда түнде жол апаты жиі орын алады. Апатты болдырмаудың амалы қандай?  Massaget.kz тілшісі түнде жол жүрудің негізгі 11 ережесін жіпке тізіп көрді. 

1. Егер автомобильде алдыңғы жарықшамдардың электронды реттігіші болмаса сапар алдында фарлардың орналасуын өзіңіз реттеңіз. Жарық сәулесі сәл төмен қарай бағытталуы керек. Алдыңызда келе жатқан көліктің айнасына сәуле түсіріп, оның көлік жүргізуіне кедергі келтірмеңіз. Ал егер көлікте реттігіш болса, жарық сәулелерін шегіне дейін төмен түсіріңіз.

2. Ай сайын алдыңғы әйнекті екі жағынан да мұқият жуу керек. Күндіз көрмейтін кір мен дақтар түнде келе жатқан көліктердің жарығын сындырып, жолдағы шынайы жағдайды көре алмауыңыз ықтимал.

3. Қараңғы түскенше төмен сәулені қосып алыңыз. Өйткені кешқұрым жүргізуішілердің барлығы бірдей жарықшамсыз келе жатқан көлікті аңғаруы қиындық тудырады.

4. Қарсы келе жатқан көлікпен қарама қарсы өтіп бара жатқанда, фарлардың алыс сәулесінен жақын шамдарға уақтылы ауыстырыңыз. Жолдың тар учаскелерінде жарықшамды толық өшіріп тастауға да болады. Сондай-ақ жылдамдықты азайтып, бір аяғыңызды тежегіште ұстаңыз. Бұл оқыс жағдай бола қалса көлікті уақытында тежеуге көмектеседі.

5. Егер сізге қарсы бір фаралы техника келе жатса (бұл мопед, мотоцикл немесе көлік болуы мүмкін) арақашықтықты автомобильге ұстаған аралықтан қысқартпаңыз. Себебі бұл 4 дөңгелекті көлік болып шығуы да мүмкін.  

6. Қарсы келе жатқан көлік құралының жүргізушісі фарлардың жақын сәулесіне ауыспаған жағдайда жол жиегіндегі сызықты ұтымды пайдалану керек. Бұл жолдың бағытынан толықтай ажырап қалудан сақтайды.  

7. Биіктен түсіп келе жатқан көлік сізді төмен сәулеменде сіздің жол картинаңызыды қараңғылайтыны анық. Сондықтан мұндай жағдайда кез келген ситуацияға дайын болыңыз. Тиісінше сізде қарсы көліктердің көрінісін көлегейлей алатыныңызды ескеріңіз. 

8. Түнде бейтаныс жолмен жүру кезінде әр бұрылысты мұқият қадағалаңыз. Қараңғыда көру бұрышы мен қабылдау дәлдігі төмендейді. Бұрылыс тік, жамылғысы нашар немесе жолдың ортасында қандай да бір кедергі болуы мүмкін. Бұрылыстан өтпес бұрын жылдамдықты төмендетуді ұмытпаңыз.

9. Жүк көліктерін мұқият қадағалаңыз. Олардың шынайы өлшемдері жарықшамдарға сәйкес келмейді. Көлік құралы оның шегінен шығып тұрған жүктің арқасында ұзынырақ болуы әбден мүмкін.

10. Жолда қараңғыда көрінбейтін нысандар пайда болуы мүмкін. Мысалы жаяу жүргіншілер немесе жануарлар кездесуі ықтимал. Сондықтан әрқашан көлікті тоқтата алатын жылдамдықты сақтаңыз.

11. Түн - адамға ең ыңғайсыз уақыт. Түнде денеде барлық процестер баяулайды. Қараңғыда көру өткірлігі қатты нашарлайды. Бұл жағдайда тіліңіздің астына лимон тілімін салыңыз. Бұл техниканы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыштар түнгі бомбалау кезінде кеңінен қолданды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов