Қыста семіруден қорғайтын 5 амал

Қыста семіруден қорғайтын 5 амал
Фото: profile.ru

Кейбір адамдар суық мезгілде бірден артық салмақ қосып алады. Әрине, бұған қыста физикалық белсенділіктің аз болуы, төмен температура энергияны тез жұмсағандықтан көп тамақ жеу секілді түрлі фактор әсер етеді. Дегенмен қысты артық бірнеше келісіз өткізуге болады. Massaget.kz тілшісі ғалымдар растаған, қыста семіруден қорғайтын бірнеше амалдың тізбегін жасады.

1. Физикалық белсенділік

Әрине қыста көп қозғалу бәрінің қолынан келе бермейді, себебі ауа райы суық, жер көктайғақ мұз. Ал егер сіз спорт залға барып, жаттығу жасаудың жанкүйері болсаңыз, қыста да бұл әдетіңізді назардан тыс қалдырмаңыз. Себебі, жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, спортзалға үнемі барып жүретін адам 3 апталық үзіліс жасаса, бірден артық салмақ қосады, оған қоса қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейі жоғарылайды. 

Спортзалға бармайтын болсаңыз, сыртта көбірек серуендеуге тырысыңыз. Мысалы, азық-түлікті жеткізуге тапсырыс бергеннің орнына өзіңіз барыңыз, сондай-ақ шаңғы, коньки секілді қыстық спорт түрлері бар екенін есте сақтаңыз.

2. Тамақтану түрі

Тұтынатын тағамдарыңыз теңдестірілген болуы керек, яғни май, ақуыз, талшық және көмірсудың теңдігі. 

Көкөністер туралы мүлде ұмытпауыңыз керек. Өйткені көкөністе калория аз және адам ағзасына пайдалы зат көп. Қыста көкөніс жеудің ең жақсы әдісі, оларды сорпаға қосу және гарнир ретінде тұтыну. 

Сонымен қатар, тағы бір пайдалы өнім - майлы балық, ол D дәруменіне бай. Бұл дәрумен сүйектерді нығайтады, көңіл-күйді жақсартады, зат алмасу жүйесі мен жалпы ағза мүшелерінің жұмысына оң әсер етеді. 

3. Суды жеткілікті мөлшерде ішу

Кейбір адамдар қыста су ішу керегін ұмытып жатады, бірақ бұл дұрыс емес. Сұйықтықтың жетіспеушілігі ағзадағы көптеген метаболикалық процестің баяулауына әкеп соқтырады. 

Ал көпшілік қыста көп ішетін алкоголь ағзаның сусыздануына әсер етеді. Сондықтан кейде адамдар шөлдегенін қарнының ашуымен шатастырып жатады. Мұны түсіну үшін жәй ғана бір стақан су ішу керек, сонда ғана сіздің ағзаңызға не жетпей тұрғанын түсіне аласыз.

4. Жақсы ұйқы

Ұйқының қануы адам денсаулығы мен өзін-өзі қалай сезінетінімен тығыз байланысты, ол бұдан бөлек салмаққа да әсер етеді. 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар 7-9 сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда семіздікке көп шалдығады. Ұйқының қанбауы қарынды жиі аштырады, грелин гормонының бөлуін жиілетеді.

5. Дәмдеуіштер

2021 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, дәудеуіштер артық салмақ тастауға көмектеседі. Ең тиімдісі насыбайгүл (базилик), кардамон, даршын (корица), кориандр, сарымсақ, имбирь, куркума және қара зире болды. Бұл компоненттерді 4-16 апта бойы тағамға қосу салмақты түсіріп, белді аздырып және дене салмағының индексіне оң әсер етеді. 

Алайда артық салмақтан арылуға көмектесетін білгілі бір қоспа, заттың жоқ екенін ұмытпаңыз. Сондықтан салауатты өмір салтын жыл бойы сақтау керек, оның денсаулығыңызға да пайдасы тиеді. 

Айта кетейік, бұған дейін қыста адамдар неліктен семіретіні хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жыр неше кезеңге бөлінеді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә