БҚО-да ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан

БҚО-да ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 желтоқсанда болған. Бөрлі ауданының полициясына әйел адам күйеуі қарумен келгенін айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер ер адам жергілікті дүкендердің бірінде әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытып тұрғанын анықтаған. Жедел-іздестіру шарасының барысында 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол сараптама қорытындысы бойынша мас болған. 

Күдіктіден қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Ерлі-зайыпты ажырасып жатқаны анықталды. 

Күдіктінің сөзінше, әйелі оның атынан бірнеше несие алып тастағандықтан осындай әрекетке барған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина