- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өліміме ағай кінәлі"....
"Өліміме ағай кінәлі". Алматыда 12 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Алматыдағы "Халық арена" спорт кешенінде 10 қарашада Мейрланды тренері аяғымен тепкен. Сол сәтте әкесі жаттықтырушыны кеудесінен итеріп, ұлына араша түскен. Спорт кешеніндегі бұл тренер "басқа балалар үшін қауіпті" деп санайтын ата-ана оқиғаның мән-жайын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 жастағы Мейірланды 3 ай бұрын ата-анасы секіргіштің жібіне ілініп тұрған жерінен құтқарып қалады. Қалтасынан табылған хатқа "Өліміме Станислав ағай кінәлі" деп жазылған.
Ата-анасының айтуынша, жарыстан соң Мейірланға тренері қатты ашуланған, қалған оқушыларға "онымен сөйлеспеңдер" деп бұйрық берген.
"Ең алдымен ол баламды 10 қараша ұрды. "Неге ұрдыңыз?" деп араша түскенімде, жаттықтырушысы "бұл баланың өзі де, көзі де ұнамайды маған" деп жауап берді. Кейін жарыс болған сәтте баламның қарсыласына барып, "оны былай ұр, сол кезде өлтіресің" деп ақыл-кеңес берді", - дейді Мейірланның ата-анасы.
Тренер 15 баланы өзімен бірге лагерьге алып кеткен.
"Лагерьде балалар ауырып қалған. Бірақ "ата-аналарыңа айтпаңдар" депті. Келгенде баламызды танымай қалдық. Балам бәрін баяндап берді. Ал олардың арасындағы конфликт баламыз осы жағдайды бізге айтқанынан болып отыр. Балам ағасы және анасымен автобуста кетіп бара жатқанда тренері көріп, неше түрлі сөздер айтқан. Оны үлкен ұлым айтты. Баланы өзінің қас жауындай көреді. Намысына келетін сөздер айтыпты", - дейді ата-анасы.
Ал тренер баланы ұру тәрбиелеу екенін айтып, ақталды.
"Ол 8 ай жаттықты. Ештеңе білмей келген еді. Негізі ол жақсы жұдырықтасады, бірақ рухы төмен. Ол баласының қорқақ екенін білмейді. Бала қатты соққыдан қорқады. Балаларды ұратын , ұрсатын кездерім болады", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы