Дәретхана қағазын дұрыс пайдаланбау жүздеген инфекцияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін

Дәретхана қағазын дұрыс пайдаланбау жүздеген инфекцияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін
Фото: pixabay.com

Дәретхана қағазының пайдасына қарағанда зияны көп. Бұл туралы жапон ғалымдары айтты, олардың сөзінше қағазды бидеге ауыстырған жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәретханаға барғаннан кейін қағазбен сүртінуден гөрі, сумен жуу бірқатар инфекция мен аурудың даму ықтималдылығын төмендетеді. Америкалық хирург Эван Гольдштейннің айтуынша, дәретхана қазағы құрғақ, қажағыш болғандықтан, оны пайдалану дәрет шығару жолдарын жыртып жіберуі мүмкін. Ал қағаздың сапасы төмен болып, оған қоса оны дұрыс қолданбасаңыз, тері тітіркеніп көтеу (геморрой) және өлімге әкеп соқтыратын инфекцияның пайда болуына ықпал етеді. 

Ғалымдар дәретхана қағазының берік, сіңіргіш және жұмсақ түрін пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар, дәрет жолдарын қатты күш салып сүртпеу керек.

Айта кетейік, бұған дейін көтеудің алдын алу үшін қалай тамақтану керегі хабарланған болатын. 

Аурудан сақтану үшін қалай тамақтану қажет?

  • Ащы және ысталған тағамдарды тұтынуды азайтыңыз;
  • Фаст-фуд пен маринадталған тағамдарды тұтынбаңыз;
  • Тез сіңетін көмірсулар мен майларды тұтынуды шектеңіз;
  • Ашытылған сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде тұтыныңыз;
  • Талшыққа бай тағамдарды, дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер және кептірілген жемістер көп жеңіз;
  • Күніне кемінде 2,5 литр су ішуді ұмытпаңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тұсауды кімге кестіру керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә