"Бұлай жасамаңыздар". Талдықорған тұрғыны танымал театр ұжымына сахнада ренішін білдірді

Фото: Видеоскрин

"Алдараспан" театры ұжымының гастрольдік сапарында Талдықорған тұрғыны театр басшысы Нұржан Төлендиевке ренішін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада тұрғын концерттің 1,5 сағат кеш басталғанын айтты.

@aiym_almatova Концерт 1,5 сағатқа кешікті ? #рек #врек #топчик? #алдараспан #нуржантоленди #нұржантөленді ♬ оригинальный звук - Winix_Taldykorgan

"Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар. 1 сағат 20 минут кешігіп, мына жерде айып етіп жатырсыздар. Мәселе мынада, халықты сыйлаңыздар. Халық сыйлағаннан кейін өсіп-өніп жатырсыңдар. Талдықорғанға екінші рет бұлай жасамаңыздар. Билетті бір ай бұрын сатты ма, бір сағат бұрын осы жерде болуларыңыз керек. Айып сізден. Сөздеріңізде тұрыңыздар", - деді ол.

Театр ұжымы тұрғындардан кешірім сұрап, ренішін білдірген тұрғынға концерт соңында шапан жапты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы