- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Актер Азамат Сатыбалды...
Актер Азамат Сатыбалды өмірден өткен анасына жантебірентерлік жазба арнады
Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды өмірден өткен анасына жантебірентерлік жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қайғыны бөліссең азаяды.
Ардақты ағайын.
Анамнан айрылып қайғыдан есеңгіреп жатқанда, жылы сөздеріңізбен жанымды жұбаттыңыздар.
Алғыстан басқа айтарым жоқ.
Отбасыларыңыз аман болсын.
Әке шешелеріңізді қадірлеп, тірі күнінде батасын алып қалуға тырысыңыздар.
Бақыт батада.
Өмір жалғасады, бұл заңдылық. Бірақ сағыныш басылмасы анық.
Көңіл айтып жатқан барша оқырмандарым мен замандастарыма рахмет айтамын", - деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.
View this post on Instagram
Еске салайық, бұған дейін актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өткені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Келесі жылы қандай түстер сәнде болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә