"АрселорМиттал Теміртау" енді жоқ: Qarmet компанияның жаңа логотипін көрсетті

"АрселорМиттал Теміртау" енді жоқ: Qarmet компанияның жаңа логотипін көрсетті
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Qarmet компаниясының жаңа логотипі әзірленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Qarmet компаниясы жаңа логотипті ұсынды. Жаңа логотиптің эскиздері акционерлік қоғамның ресми Telegram-каналында ұсынылған. Олар ақ және қою көк фонда, күн сәулесі астында Qarmet жазуын бейнелейді.

"Qarmet" деген жазу - бұл кәсіпорынға қайтарылған тарихи атауы. Логотип таудың үстінен шыққан күн түрінде жасалған. Тау Теміртау қаласын көрсетсе, атқан таң - "жаңғыруды" білдіреді.

Компанияның жаңа басшылығы комбинаттың даңқын, металлургтер мен кеншілер мәртебесін, қоршаған ортаны қалпына келтіру ұранымен жұмысқа кірісті", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина