Қылмыс әлемінің серкелері: бірі мерт болды, бірі ұсталды

Қылмыс әлемінің серкелері: бірі мерт болды, бірі ұсталды
Фото: 24.kg / instagram

Көршілес елдерде қылмыс әлемінің серкелері ұсталып жатыр. Енді бірі арнайы операция кезінде мерт болды. Massaget.kz тілшісі кейінгі жылдары ұсталып, айтыла бастаған қылмыс әлемінің серкелері туралы шолу жасады.

Қырғызстанның қылмыс әлемінің серкесі өлтірілді

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 16 қазанда "Кабар" басылымына сұхбат беріп, қарақшылық уақыт артта қалуы керегін айтқан болатын. 4 қарашада Бішкектегі арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Камчибек Кольбаев ұсталды. Бұл көрші ел қоғамында қызу талқыға түскен жайт болды. 

Камчибек Кольбаев - қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі. Кольбаев ұзақ жылдар бойы тағы бір ҰҚТ жетекшісі Рысбек Акматбаевтың көмекшісі болған. Алайда олар 1990-жылдары екіге кеткен. Сол жылдары Актамбаев Кольбаевтың кәсібін тартып алған деген қауесет тараған.  

2000 жылы Актамбаевты өлтіруге әрекет жасалған. Оның қасындағы екі адам да өлі табылды, ҰҚТ жетекшісінің өзі жарақаттанған. Актамбаевты өлтіруге әрекет жасаған деген күдікке Кольбаев ілінген. Осылайша Кольбаев 25 жылға сотталған. Бірақ бұл мерзім бойынша түрмеде соңына дейін отырған жоқ. 

Фото: 24.kg

Кольбаев тек Қырғызстан емес, ТМД елдерінде атақты қарақшы. Лақап аты "Коля-Киргиз". Қырғызстанның "бақылаушысы" болып саналған. Тіпті Мәскеуде оны ресми түрде қарақшы деп танитын рәсім өткен. Рәсімге қылмыс әлемінің элита өкілдері қатысқан. 2011 жылы 22 шілдеде БАӘ астанасы Абу-Дәбиде ұсталды. Ол зергерлік бутикті тонады деген күдікке ілінген. 

2011 жылдың маусым айында Кольбаев АҚШ-та халықаралық есірткі бизнесінің негізгі тұлғаларының бірі ретінде ресми түрде танылды. 2012 жылы Дубайдан экстрадицияланып, Қырғызстанға өз еркімен оралды. Ол адам ұрлап, қарақшылық жасап, қылмыстық ұйым құрды деген күдікке ілінді. Алайда артынша бұл іс бойынша жәбірленушілер айтқан сөздерінен айнып қалған. 2013 жылы 18 қазанда Кольбаев 5,5 жылға сотталды. Екінші инстанция бойынша оның жазасы 3 жылға қысқарды. Артынша Кольбаев бостандыққа шыққаны белгілі болды. 

Биыл 4 қазанда Камчибек Кольбаев арнайы операция кезінде ұстау барысында өлтірілген болатын. 

"Өзбек мафиясының бастығы" Салим Абдувалиев ұсталды 

4 желтоқсанда бірнеше БАҚ Өзбекстанда "Салимбай", "Салимбойвачча" лақап аттарымен белгілі қылмыс әлемінің серкесі ұсталғанын хабарлады.

Айта кетейік, Салим Абдувалиев - посткеңестік кеңістіктегі ең танымал меценат және филантроптардың бірі. Ол 2017 жылдың қаңтарында Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол қылмыстық әлемге қатысы бар деп саналады. Бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі өзінің дипломатиялық хат-хабарларында оны "өзбек мафиясының бастығы" деп атаған. 1997 жылдан бастап Салим Абдувалиев Өзбекстанның спорттық күрес қауымдастығын басқарады.


instagram

Кәсіпкер Салим Абдувалиевті тәртіп сақшылары Ташкенттегі үйінде ұстаған. 

Кәсіпкер ұсталғаннан кейін денсаулығы нашарлап кеткен. Артынша ол ауруханаға жеткізілген. Сосын үйіне қайтарылған. Алайда тәртіп сақшылары жедел жәрдем көлігін қуып жетіп, "Салимбай" Ташкенттегі ішкі істер басқармасына жеткізілген. "Гафур Черный" лақап атымен белгілі тағы бір кәсіпкер Гафур Рахимовқа іздеу жарияланған. Ол Өзбекстаннан қашып кеткен немесе ел ішінде жасырынып жүр деген болжам бар. 

Жақында Саим Абдувалиевтің ұсталуына қатысты жаңа деректер пайда болды. Ташкент ІІБ бірінші орынбасары Дониер Ташходжаевтың сөзінше, кәсіпкер үйінде қаруды заңсыз сақтаған деген ақпарат түскен. Осы ақпарат негізінде тәртіп сақшылары кәсіпкердің үйіне барған. 

"Ол үйінде қару сақтап жүргеніне нақты сенімді болған кезімізде ғана кәсіпкерді ұстауды бастадық", - дейді Ташходжаев. 

Ташходжаев Абдувалиевке қылмыстық істің қаруды сақтау туралы бабы неғұрлым ауыр жазаны көздейтін басқа бапқа ауыстырылғанын атап өтті.

"Четыре брата" ҰҚТ мүшесі қайтыс болды

27 қарашада Ақтөбеде "Четыре брата" ҰҚТ мүшесі Еркін Ізбасар қайтыс болды. Бұл ақпаратты оның жақын досы Бауыржан Нұрмаханов растаған болатын. Оның сөзінше, Еркін Ізбасар ұзақ уақыт бойы ауырған. 

Еркін Ізбасар. Фото: Tengrinews.kz

Еркін Ізбасар 2018 жылы тамызда 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ізбасарға қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде, қылмыстық ұйым құрғаны үшін қамауға алынған болатын.  

2021 жылдың қарашасында Еркін Ізбасар денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылды. 

"Четыре брата" ұйымы - Қазақстанда танымал қылмыстық ұйым. 2018 жылы 24 мүшесі жауапқа тартылған болатын. Іс бойынша 20 эпизод болған. Іске қатысты адамдардың бәрі 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Ең ұзақ мерзім ұйым басшыларының бірі марқұс Еркін Ізбасарға тағайындалған болатын. 

Сот процесі. Фото: Tengrinews.kz

"Четыра брата" қылмыстық тобына қатысты қылмыстық іс 261 том болған. Ұйым мүшелеріне қатысты үкім 180 бет болған. 2017 жылы 5 желтоқсанда басталған сот процесі 7 айға созылды. 155 сот отырысы өтіп, 157 куәгер қатысқан болатын.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина