Өз балаларын өлтірді деп айыпталған әйел 20 жылдан кейін ақталып шықты

Өз балаларын өлтірді деп айыпталған әйел 20 жылдан кейін ақталып шықты
Фото: "Астана" телеарнасы

Австралияда төрт баласын өлтірді деп айыпталған Кэтлин Фолбиг 20 жылдан кейін ақталып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Енді әйел темір тордың ар жағындағы өмірі үшін өтемақы талап етпекші. Адвокаттардың айтуынша, бұл қомақты сома болуы мүмкін. 

Еске салайық, австралиялық әйел 2003 жылы төрт баланы қаскүнемдікпен өлтірді деп айыпталған еді. Әйел өзінің кінәсіз екенін айтты. Бірақ оған ешкім сенбеді. Бір жыл қайта тергеу басталды, тергеу кезінде Фолбигтің кінәсіз екені толығымен расталды. Балаларында өлімге әкелетін генетикалық мутация бары белгілі болды. Әйел биыл маусымда бостандыққа шыққан.

"Мен әзірге нақты санды айтуға дайын емеспін. Бірақ бұл бұрын жасалған кез келген ұқсас төлемнен көп болады", - деді әйелдің адвокаты Рейни Рего. 

Бұған қатысты Кэтлин Фолбиг те пікір білдірді. 

"Қазіргі ғылым мен генетика балаларымның қалай қайтыс болғанына қатысты сұраққа жауап тапқанына ризамын. Алайда 1999 жылы менің кінәсіз екенімді дәлелдейтін мәліметтер болды. Бірақ олар еленбей, қабылданбады", - дейді әйел.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек