Синоптиктер бейсенбіде бірнеше өңірде аяз бен көктайғақ болып, жел соғатынын ескертті

Синоптиктер бейсенбіде бірнеше өңірде аяз бен көктайғақ болып, жел соғатынын ескертті
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 желтоқсанда бірнеше өңірде аяз бен көктайғақ болып, екпіні күші жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Жетісу облысының Алакөль көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 23-28 градус қатты аяз болады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан