"Арақтан басқа түк жоқ". Павлодарда адамшошырлық жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды

"Арақтан басқа түк жоқ". Павлодарда адамшошырлық жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды
Фото: "Астана" телеарнасы

Павлодарда пәтерлердің бірінен адамшошырлық жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ата-анасы бірдей ішімдікке салынып, бүлдіршіндерге мүлдем қарамаған. Тәртіп сақшылары үйге барған кезде әкесі мас болып жатқан. Бөлмелер астаң-кестең. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Балалар аш-жалаңаш. Тоңазытқышта арақтан басқа түк жоқ. Тіпті, 2 және 4 жастағы балалардың жатар орны да болмаған. Жауапсыз ата-ананың ісі енді сотта қаралмақ.

Бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды. Облыс бойынша полиция есебінде тұрған осындай 288 отбасы бар.

"Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анаға қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сонымен ата-аналардың мінез құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады", - деді қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары Арман Қаптаев. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек