"Ешқайда қашып кетпедім". Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

"Ешқайда қашып кетпедім". Ерлан Көкеев өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді
Фото: Желіден

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әнші, "АБК" тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевтің Түркияда адам қағып, Қазақстанға қашып кеткені туралы жазған еді. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге қатысты істің анық-қанығын білу үшін өнер иесімен хабарласты.

Оның айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясы өтіп жатыр.

"Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан, бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын", - деді әнші.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы