Министр Алмасадам Сәтқалиев бірнеше қалада неге жылу болмағанын түсіндірді

Министр Алмасадам Сәтқалиев бірнеше қалада неге жылу болмағанын түсіндірді
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда күн күрт суытып, жылу беру желісінде техникалық ақаулар болды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық ақау байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде технологиялық ақау Теміртау қаласы Bassel Group LLS ЖШС және Екібастұз ЖЭО Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де болды", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған ЖЭО-лар бойынша температуралық режим толық қалпына келтірілген.

"Сонымен қатар, технологиялық ақаудың жіктелуіне сәйкес, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамады. Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақау нормативтік мерзімде жойылды. Қазіргі уақытта барлық тұтынушы жылуға қосылған", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол электр қуатын тұтынудың максимумы 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде болатынын атап өтті.

"Биыл жылыту маусымына жүйелі дайындық шеңберінде жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 8 энергоблокта, 40 қазандықта, 42 турбинада күрделі жөндеу аяқталды. Соңғы кезеңдерде 2 энергоблокта, 9 қазандықта және 11 турбинада жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұдан басқа, 25,3 мың шақырым электр беру желілері, 564 қосалқы станция және 3,5 мың тарату пункті күрделі жөндеуден өтті.

Министрлік 2023 жылғы 1 маусымнан бастап берілген өтінімдерге сәйкес 25 энергия өндіруші ұйымда электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 млрд теңге тартуға мүмкіндік берді", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері елімізде күн күрт суылып, еліміздің бірқатар қаласында жылу беруге қатысты мәселе туындаған еді.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz