11 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында West Oil Software компаниясыынң жүздеген қызметкерлері наразылыққа шыққан. Қызметкерлер жұмысты толық тоқтатқанын хабарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания қызметкерлері оларды "ҚазМұнайГазбен" біріктіріп, жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап еткен.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Қазіргі уақытта "West Oil Software" ЖШС қызметкерлері "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС штатына ауыстыру, бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін (ЕСОТ) енгізу, көлік техникасын жаңарту туралы талаптар қойды. Осы мәселеге байланысты 1 қараша күні Астанада "West Oil Software" ЖШС (WOS) бір топ қызметкері "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) басшылығымен және ҚР Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесті.
2023 жылы 6 қарашада "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ (ММГ) компаниясының Жетібай кен орнында WOS компаниясының 60 қызметкері, ҚМГ басшылығы, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР ЕХӘҚМ қарасты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің өкілдері, "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС (ОТК) және WOS басшыларының қатысуымен тағы бір кездесу өтті", - делінген хабарламада.
"West Oil Software" ЖШС (WOS) "ОТК" ЖШС мүлкін сенімді басқаруға алып, ММГ компаниясының (ҚМГ мен CNPC бірлескен кәсіпорны) екі кен орнында көлік қызметтерін көрсетеді. WOS-тың кейбір қызметкері 2017-2018 жылдары жұмыстан шыққан, ҚМГ-нің еншілес мұнай сервис кәсіпорны "ОТК" ЖШС компаниясының бұрынғы қызметкерлері.
Қазіргі уақытта көлік техникасын жаңарту туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Штатқа ауыстыру және бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін (ЕСОТ) енгізу туралы талаптар қабылданбаған.
Қазіргі уақытта WOS арнайы техника паркін жаңарту мәселесі басымдыққа ие. 3 жыл ішінде 202 техника бірлігін жаңарту бағдарламасы әзірленген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!