Қостанайда күзетші мас "қонақты" оқ атып тоқтатты

10 желтоқсанда қалалық полицияға ойын-сауық мекемелерінің бірінде "қонақтар" мен күзетші арасында жанжал болғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, кешкі уақытта караоке-барға 7 адам барған, оның үшеуі мас болған. Кейбірі агрессивті әрекет еткен, ал мекеменің әкімшісі қызмет көрсетуден бас тартқан. Бұл оларға ұнамай қалған, ал қызметкер күзет пультіне хабарласқан.

Күзетшілер мен қонақтардың бірінің арасында жанжал шығып, 33 жастағы ер адам күзетшілердің бірінің денесі жарақаттап, оның қаруын тартып алмақшы болған. Тағы да бір рет әрекет жасағанда, күзетші кішігірім оқ тиелген қызметтік карабиннен аяғына оқ атқан.

"Наша газета" редакциясы оқиғаның қалай болғанын көрсететін видеоны жариялады.

Аталған факті бойынша бірден Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық", сондай-ақ 252-бабының 2-бөлігі "Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттерін асыра пайдалануы" бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!