Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшылары 200 миллион теңге жымқырған

Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшылары 200 миллион теңге жымқырған
Фото: depositphotos.com

Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлар бюджет қаражатын білім беру жүйесінде шын мәнінде жұмыс істемейтін адамдардың есепшотына заңсыз аудару деректерін анықтапты.

"Сонымен қатар, жалған еңбекке жарамсыздық парағы мен іссапар шығындары бойынша бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді. Келтірілген шығын 200 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Айта кетейік, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына заңсыз ақша аударғанын анықтады. Қылмыстық істер сотқа жіберіліп, кейбіріне қатысты айыптау үкімі де шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін Оралда кәсіпкер 605 миллион теңге салық төлеуден жалтарып жүргені хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова