- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда кәсіпкер 605...
Оралда кәсіпкер 605 миллион теңге салық төлеуден жалтарып жүрген
Оралда жеке кәсіпкер 600 миллион теңге салық төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке кәсіпкерлердің бірі салық төлеуден жалтарып жүрген. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА БҚО бойынша департаменті аяқтады.
Тергеуде 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, осылайша 605 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған, өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 миллион теңге.
Соталды тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі. Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина