"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа қожайыны белгілі болды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа қожайыны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев жаңа инвесторы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңа инвестор – Allur Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев. 1-2 күнде ол активті басқаруға алады", - деді Шарлапаев Үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, Андрей Лаврентьев 1979 жылы Алматы қаласында туған.

Ол – Allur Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы. Оның құрамында "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" компаниялары кіреді. Allur Group – Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстандағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz