Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне қашан көшуі мүмкін?

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне қашан көшуі мүмкін?
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты ұсынысын берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қолданбалы хронобиология маманы Болат Жолтайұлы бірыңғай уақытқа көшуді "бұрынға қалыпқа келу екенін" айтып отыр.

"Біз уақытты алға қарай жылжытайын деп жатқан жоқпыз. Бұрынғы уақытты түзейін деп жатырмыз. Біз қайтарайын деп отырған UTC+5 уақыты Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның белдеулік уақыты деп айтуға болады. Бүкіл дәлел жиналды. 43 беттен тұратын есеп жобасы жасалды", - деді маман Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Мәжіліс депутаты Еркін Әбілдің айтуынша, Астананың территориялық орналасқан жері табиғи уақыттан 1 cағат 20 минуттай айырмашылығы бар. Сондай-ақ ол бұл өзгеріс қашаннан бастап енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі

"Бірыңғай сағат белдеуіне көшу бұл үкіметтің құзыретінде. Комиссия өзінің ұсынысын берді. Жалпы ғылым консенсус бар. Бүкіл ведомство өз пікірін айтты. Енді Үкімет бұл мәселені қарайды, соның құзыретінде. Үкімет арнайы қаулы шығаруға тиіс. Енді сол қаулыны күтеміз. Менің ойымша, шешім жаңа жылдан кейін қабылданады. Мен нақты уақытын айта алмаймын. Себебі бұл мәселе біздің құзыретімізде емес", - дейді Еркін Әбіл.

Жасұлан Ордабаев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан