Ақтөбедегі перзентханада әйелдер еденде жататыны рас па?

Ақтөбедегі перзентханада әйелдер еденде жататыны рас па?
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде тұрғындардың бірі "Диапазон" басылымына жаңа перинаталдық орталықтың патология бөлімшесінен видео жолдаған. Кадрларда төсек-орын еденде төселгені көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше қызымды перзентханаға алып кетті, ондағы жағдай адамшошырлық, әйелдер еденде, диванда ұйықтап жатыр. Ал мынау әйелдерге осындай жағдай жасалған жаңа перзентхана!" - дейді тұрғын.

Видеоға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері пікір білдірді.

"Облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі түсірілген бейнежазбада қабылданған науқастарды уақытша бақылау және науқасты жеке перзентханаға немесе жүкті әйелдерге арналған патологиялық палатаға орналастыру мәселесін шешу үшін орналастырылған бақылау бөлімі бар екенін түсіндіреді. Видео түсірілген кезде бақылау бөлмесінде үш науқас болған, олардың бірі төсегін уақытша еденге, салқын жерге ауыстырған. Барлық науқас палаталарға орналастырылған. 200 төсек-орны бар облыстық перинаталдық орталықта 5 желтоқсандағы жағдай бойынша 169 науқас тіркелді, аурухана толмады. Бұл видео  шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек