Абай болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Абай болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: elements.envato.com

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Киберпол қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін айтты. Алаяқтар жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, қолжетімді барлық контактілерге түрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайды, кейін басқа адамның жалған шоттарын көрсетеді.

"Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы біреудің Whatsapp аккаунтына кіре алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді ашпауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ, жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, "байланыстырылған құрылғыларға" өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек