"Ұлы анасын жоғалып кетті деп іздеген": 54 жастағы әйел өз үйінің сарайында асылып өлді

"Ұлы анасын жоғалып кетті деп іздеген": 54 жастағы әйел өз үйінің сарайында асылып өлді
Фото: pixabay.com

Қырғызстандағы Баткен қаласында 54 жастағы әйел өз үйінің сарайда асылып өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстың ішкі істер басқармасы өкілдері мәлімдеді.

ІІБ мәліметінше, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. 30 жастағы ұлы полицияға арыз беріп, анасын таба алмай жатқанын айтыпты. Оқиға орнына барған жедел қызметкерлер сарайдан 54 жастағы әйелдің денесін тапты.

Бұл дерек полиция басқармасында тіркелген.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам күйеуімен бірге тұрған. 4 желтоқсанда марқұм жерленді. Туыстарының ешкімге шағымы жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте суицид жасамақ болған қыздың әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова