- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мән бермеймін деп...
"Мән бермеймін деп шештім". Әнші Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы сүйіктісінің айыптауына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әнші Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы сүйіктісінің айыптауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде өнер иесінің сахнада ән айтып тұрған видеосы таралып жатыр, онда ол жанжалды оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Мен туралы айтылып жатқан сөзге мән бермеймін деп шештім. Өйткені Құдіреті шексіз Құдай бәрін көріп тұр", - деді ол.
@di.glm04 #кенжебекнурдолдай #новостишоубизнеса #актобе04 ♬ оригинальный звук - di.glm04
Видео авторының айтуынша, әншінің анасы бұл мәселеге қатысты қатты алаңдаулы.
"Әйеліңізді қуып жіберіп, қалай ештеңе болмағандай кейіп танытасыз?" "Демек олар өтірік айтқан ба? Ажырасу туралы бәрі ойдан шығарылған ба?" "Сылтау айтудың қажеті жоқ","Ол мансабын аяқтап жатыр деп еді ғой", "Біз сенімен біргеміз", - деп жазған желі қолданушылары.
Еске салайық, жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланды. Ал әншінің өзі күні кеше бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. Әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты. Massaget.kz тілшісі Жәмиламен сұхбаттасып, шын мәнінде жағдай қалай болғанын сұраған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек