- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызы жылап хабарласқан:...
Қызы жылап хабарласқан: Павлодар облысында жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кеткен
Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita іздеушілер ұйымы мәліметінше, жоғалған ер адамның қызы жылап, еріктілерге әкесі жоғалып кеткенін хабарлаған.
"Ер адам 2 желтоқсанда таңғы сағат 5.30-да жұмыс алдында серуендегісі келетінін айтып, үйден шығып кеткен. Дегенмен жұмыста болмаған, үйден ұялы телефоны мен басқа да құнды заттары табылды", - дейді еріктілер.
Жоғалған Балтажан Борашайұлы ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін болған, бір жылдан аса уақыт тұрақты жұмыс істеп жүрген.
Еріктілер жоғалған адамды іздеуге шыққан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталыпты. Іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан.
Жоғалған адамды көргендер болса, мына нөмірлер бойынша хабарлау сұралады: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Самал).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова