Тоқаев 2024 жылғы ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіш мөлшерін бекітті

Тоқаев 2024 жылғы ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіш мөлшерін бекітті
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі зейнетақының мөлшерін белгілейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенаттың сайтындағы мәлімет бойынша, заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналарды белгілеу қарастырылған:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы – 43 407 теңге.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан