- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 28 жастағы...
Шымкентте 28 жастағы жігіттің мойны кесілген күйде өлі табылды
Шымкентте жантүршігерлік қылмыс болды. 28 жастағы жігіттің мәйітін анасы пәтерден тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Кісі өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұмды психиатрда есепте тұрған әкесі өлтіруі мүмкін.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік беріп, бұл дерек "Кісі өлтіру" бабы бойынша тіркелгенін айтты.
Құқық қорғау органдары тергеу құпиясынына байланысты күдіктінің жеке мәліметтерін әзірше жарияламады. Алайда оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі.
"1 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне жергілікті тұрғыннан өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы мойын тұсынан жарақат алған 28 жастағы жігіттің мәйітін анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан